Баяғы сөзің әлі есте

Бұл бетте «Баяғы сөзің әлі есте» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2256
(Сейтжан Омаровқа)
Сұр шинельді киінген,
Соғыстың сонау жылдары.
Аспан мен жерді үйірген,
Ауыр күн есте тұр әлі.
Көңілім толқын бір түрлі,
Кеудеден жұмбақ өлең кеп.
Жібердім саған бір жырды,
Қолының ұшын берер деп.
Жазып ең жауап сол хатқа,
«Жігітім, талмай серме»,— деп.
Дем беріп сол сөз солдатқа,
Өлеңге шықтым өрмелеп.
Сілтедім қанша білмеймін,
Келемін көлкіп өлеңмен.
Ойымның отын үрлеймін,
Айналып қиял төбемнен.
Қалғандай қазір қаз тұрып,
Баяғы жырым нәресте.
Қуантқан мені мәз қылып,
Баяғы сөзің әлі есте.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Баяғы сөзің әлі есте өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Баяғы сөзің әлі есте өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Баяғы сөзің әлі есте өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Баяғы сөзің әлі есте өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері