Ең қиын жұмбақ деседі адам тегінде
Бұл бетте «Ең қиын жұмбақ деседі адам тегінде» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ең қиын жұмбақ деседі адам тегінде,
Түсінен гөрі, шатқалы қиын ішінің.
Бір күліп өте шығамыз-дағы көбінде,
Безбенге түсе бермейтіні бар ісінің.
Өзіміз қолдан жасаймыз жақсы адамды,
Ақ көйлек дейміз,
әзілқой дейміз ондайда.
Өкінішті-ақ талдайтынымыз жаманды,
Қасығы келіп тақ еткенінде маңдайға.
Адамның өзі тоғысқан жақсы-жаманнан,
Қиынның бірі – алу ғой адал дос танып.
Кейісең оттай лапылдап, өрбіп жанардан,
Өкінбейтіндей көңілің мүлде бос қалып.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі