Тайманның ұлы Исатай
Бұл бетте «Тайманның ұлы Исатай» атты Махамбет Өтемісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Арғымақтан туған қазан ат,
Шабуыл салса нанғысыз.
Қазан аттан туған қаз мойын,
Күніне көз көрінім жер шалғысыз.
Айырдан туған жампоз бар,
Нарға жүгін салғысыз.
Аруанадан туған мая бар,
Асылын айуан десең нанғысыз.
Жаманнан туған жақсы бар,
Атасын айтса нанғысыз.
Жақсыдан туған жаман бар,
Күндердің күні болғанда,
Жарамды бір теріге алғысыз.
Тайманның ұлы Исатай
Ағайынның басы еді,
Алтын ердің қасы еді;
Исатайды өлтіріп,
Қырсық та шалған біздің ел!
Күшті
Супер
Керемет олендер
Пікіріңізді жазыңыз...керемет
Mykty
Оте керемет маган унады
Мықты және күшті
Үлкен РАХМЕТ!!!
Керемет
Рахмет көп
әдемі күшті
күшті супер
Күшті
Еее, осы батырлардай болмасақта қасына еруге жарар ма екенбіз.
Зор екен ????