Самал – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Самал» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 891
Самал – қоңыр жел ғана ма?
Өмір толы самал леп.
Аймаламай ма самал боп
Жайлы, жылы хабар кеп?
Самал қоңыр жел ғана ма?
Өмір толы самал леп. 
Қабағынан күнді ұялтар
Самал ескен жамал көп.
Самал жібек жел ғана ма?
Өмір толы самал леп.
Тұнық, мөлдір айдындайын,
Самал ескен жанар көп.
Самал жібек жел ғана ма?
Өмір толы самал леп.
Пәк көңілді, ақ көңілді
Ғазиз жанды табар кеп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Самал өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Самал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Самал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Самал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері