Борыш
Бұл бетте «Борыш» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақынмын деме, төгіліп-тасып жатпасаң,
Әншімін деме, есігін аспан қақпасаң.
Жер басып әркім жүреді, бірақ адаммын
Дегейсің, адам қалпыңды биік сақтасаң.
Досын көп сенің ешкімнің тауын шақпасаң,
«Қайрылып көрер есікті қатты жаппасаң».
Адамдық борыш өтедім деме сен, өзге
Көңілде бір сәт Қуаныш отын жақпасаң.
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі