Бұл бетте «Адал дос» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған достық туралы өлең берілген.
29.07.2021
0
0
1672
Ес біліп келе жатқалы
Көргенім өмір шатқалы.
Қолтықтан демер қол ұшы,
Жоқ әсте мені тапқаны.
Не дейін ары тереңдей,
Қаламын дүбірге елендей.
Көңілдес менде жоқ әсте
Көмбеге сүйреп келердей.
Сонда да жолдан шықпадым,
Қиыннан қорқып бұқпадым.
Сүріне түсіп жүргенде
Әйтеуір менің ұққаным:
Жүрегің адал тон екен,
Тоңдырмас, тозбас сол екен.
Жықпайтын жарға ең адал
Дос деген – екі көл екен.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі