Бұл бетте «Уақыт өзі өңдейді» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бір тал ақ шаш жүр дедің бе сен маған?
Тиме, жаным, жасара алмас енді анаң.
Батар күннің еңкеюі тәрізді
Көрерсің сен енді менен әр ізді.
Жылдар жылжып жатады ғой жылымдай,
Өмір ғана жылжымайды бірыңғай.
Иірімде қалмайын деп жүргенде,
О, жан балам, шашыма ақ кірген де.
Бір кездерде анаң да дәл сендей-ді.
Әйел, ер деп өмір жүгін бөлмейді...
Көңіл бұған бұлқынады, көнбейді,
Ал уақыт сені өзінше өңдейді.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі