Бұл бетте «Ақ құс көңіл шарықтап, шалқып асқақ» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
29.07.2021
0
0
893
Ақ құс көңіл шарықтап, шалқып асқақ,
Биіктерге ұмтылған бала жаста-ақ.
Бірге туып, адаммен бірге елетін
Арман, сірә, алдына қойған мақсат.
Арман егіз ендеше үмітпенен,
Қоңсы қонбай үрейшіл күдікпенен.
Талап-таяқ жанына, үміт-азық,
Ол жетелеп, мен еріп жүріп келем.
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі