О, кешір мені, ағайын! – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «О, кешір мені, ағайын!» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 877
Аңқылдап жүріп ұрынам жарға кей-кейде,
Қасақы іске жориды оны кей пенде.
Кетпенді басып өтемін сірә япыр-ау,
Шекеме сабы тиеді десем сөйтем бе!
Бұрылу жоқ қой көрген соң жолдын турасын,
(Тақыстау неге болмадың екен бұл басым...)
Досымды төпеп сынаймын кейде өкпелер
Демеймін істің әділін көріп тұрғасын.
Анашым менің жанынан аппақ ай бейне,
Кигізген екен кірлемес мәңгі ақ жейде.
Пайдасы ешбір болмаса мұнын өзіме...
Деп пенделікпен налимын келіп-ай кейде.
О, кешір мені!
Бар қалпым осы ағайын,
Аңқылдап жүріп от басумен-ақ қалайын.
Арамдықпенен алшаң баспай-ақ ортаңда
Шегейін жаза, ақ көңілімнен табайын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

О, кешір мені, ағайын! өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

О, кешір мені, ағайын! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

О, кешір мені, ағайын! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

О, кешір мені, ағайын! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері