Жаңғырық
Бұл бетте «Жаңғырық» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Атақтыға табындырып, таң қылып,
Саз мінезді сипаты деп паңдылық,
Лауазымды асқардағы нән қылып,
Ала тайдай әр соқпақты шаң қылып,
Қарғаның да дауысына қаңқ етер
О, тағдырым, етпе мені жаңғырық.
Аз сәулені ататұғын таң қылып,
Сықсиғанды маздап тұрған шам қылып,
Құр айғайды аспандаған ән қылып,
Әсемпазды әсірелеп сән қылып,
Қаңғыры бар, қалқасы жоқ жартастай
О, тағдырым, етпе мені жаңғырық.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі