Бұл бетте «Ғашықпын» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған махаббат туралы өлең берілген.
Жүрмейінші дейді ой-хой,
Алшаң-алшаң басып кім!
Өтпейінші дейді солай
Бұл өмірден тасып кім!
Ғарыш бойлап, не болмаса,
Тау төңкеріп, асып шың
Құзырынан тағдырының
Құтылады қашып кім!
Алшаң білмес аяғымды
Әдеппен-ақ басыппын,
Бір жығылып, бірде тұрып,
Талай белден асыппын.
Адамдыққа нұқсан атты
Әрекеттен қашықпын.
Мені тағдыр сонда дағы
Арқандауға асықтың.
Мойындаман бірақ сені
Өтсем де от басып мың,
Қиындығы – қымбаттығы
Мен өмірге ғашықпын.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі