Тікен егіп – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Тікен егіп» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 528
Тікен егіп,
балауса орармысың!
Шөл жаралып,
көл дария болармысың!
Жапалақ боп жаралып,
құс болғанмен,
Қыран жайлар
құзды асып қонармысың!
Мамық өніп шығар ма
жабағыдан,
«Алма алыс түсер ме
сабағынан»
Танытпайтын негізін
зат бола ма,
«Шам жарығы ұзар ма
табағынан!»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері