Жақсы ұл туғызған қазақ – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жақсы ұл туғызған қазақ» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 570
Жақсы ұл туғызған қазақ,
Жақсы қыз туғызбай қалған жоқ.
Тек бөріктілерден есе тиіп,
Көрінген емес тарлан боп.
Көшке ілескен ер қосағы,
Бөркемік болса арман жоқ,
Әттең есті қыз езіңмен
Иық тіресіп, қатар тұрғанда
Беркінді бұлдап, Әмісе қорлап,
Кемсіткенің-ақ батты-ау
Лауазымына күпсіген
Билігіне бүксіген
Қасқырдай тоң мойын,
Топас «арлан» топ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері