Өлең, жыр, ақындар

Адам демі

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 489
Құрсау менен қыспаққа сап емiнген,
ажыратып алатұғын өлiмнен,
тiршiлiк бар, құдiрет бар керемет —
Адам, сенiң, демiңде!
Қайғы жатса иығыңнан түспеген,
адам демiн жұт дер едiм, iш дер ем.
Адам демi — бар бақытың, шаттығың
адам демi — өмiр дер ем, күш дер ем.
Бастайтұғын бас тартпайтын айбатқа,
жанитұғын қайрақтай
адам, сенiң демiңде
сағыныш бар, махаббат бар, қайрат бар.
Өзектерде от-жалыннан өрiлген,
Жүректердiң, түкпiрiнен төгiлген.
өлең де бар, арман да бар, үн де бар,
адам, сенiң демiңде.
Бәрi де бар, бәрi де бар, бәрi бар, —
шаттық пенен қғуаныштың әнi бар.
Әлсiреген сана менен ойларға
бер демiңдi, бер демiңдi, берiп ал.
Қуаныштың, нұрын, жырын төкпейтiн,
бiттiм ендi, менен қайыр «жоқ» дейтiн,
әлсiреген, тауы қайтқан тұстардың
барлығында сенiң демiң жетпей тұр.
Қатар соғып тұратұғын өмiрмен,
өкпе, жүрек, өзегiңнен бөлiнген.
Бүкiл мына тiршiлiк
дем алып тұр,
Адам, сенiң демiңнен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

... ай-ай, ... ай-ай

  • 0
  • 0

Әне біреудің
Үрмелі аспаптай
Өңешін созып дүңкілдеуін-ай,
Мына біреудің

Толық

Сөз

  • 0
  • 0

Мұндай кезде –
(сақтанам!),
қарау керек көздi ашып, –
дүниенi қаптаған

Толық

Махаббатқа естелік

  • 0
  • 0

Әлi есiмде сол көктемнiң сол түнi
нөсер шуы,
найзағайлар жарқылы.
Көз алдымда сол түндi

Толық