Жапалақ – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Жапалақ» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4110
Бір біріне жапалақ
Қараңғыда ұш дейді.
Қою түнді паналап,
Қарақшылық істейді.
Судай төк те іш қанды!
Деп бөрідей тиеді.
Ондатр, су тышқанның
Қалады тек сүйегі.
Түнде олар істейтін
Қиянаттың шегі жоқ.
Күндіз
Елдің көзіне
Көрінуге беті жоқ!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері