Аю – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Аю» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.04.2019
  • 0
  • 1
  • 6242
Сенген қайрат, күшіне
Қоңыр аю-қорбаңбай,
Жасыл тоғай ішінде
Жүреді еркін қорғанбай.
Бал араның қалайда
Барлық балын өзі алып,
Жидегі мол тоғайда
Жүргізеді қожалық.
Әлсіздерді аямай,
Әлімжеттік істейді.
Әлділердің,—
Ай-ай-ай!—
Соңына бір түспейді.
Қыс ұйықтайды оянбай,
Қарды ініне қақпақ қып.
Басқаша айтсақ,
Пәлен ай
Істемейді ақмақтық!


Пікірлер (1)

Назерке

Рахмет бізге осы керек еді

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері