Өлең, жыр, ақындар

Түссе-дағы қандай қаяу жүзiме

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 513
Түссе-дағы қандай қаяу жүзiме,
адамдардың ең соңынан көз iлем.
Мен өйткенi әрқашан да өзiмдi,
уақыттың үнiмiн деп сезiнем.
Бiр ой келсе — ұстап қалмай алқымда
күбiрлемей, сыбырламай там-тұмдап,
сөз алам да дауысымен өлеңнiң
сөйлеп тұрам мiнбелерде жарқылдап.
Құлы болмай жалғаулық пен жұрнақтың
түсем айтыс, тартыстарға шындап бiр.
Сөйлеймiн мен,
ақындарды өйткенi
барлық жерде,
барлық адам тыңдап тұр.
Жете алмасам жолаушылап сапармен
жалғанам мен қалалармен, жапанмен.
Қолдарда да транзистор ұстаған
бар дауыспен сөйлеп бара жатам мен.
Айрып ап обал менен сауапты,
пысықтаймын халқым берген сабақты,
Ақынмын мен,
ақын деген кашан да
бiр тамшы жас алдында да жауапты.
Сондықтан да ертеңiме жарық сап,
отырамын өз-өзiме салық сап:
болмау керек сөздерiңде өтiрiк,
болмау керек дауысыңда жарықшақ.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ниет

  • 0
  • 0

Алып жерiм
Мұңданып жатыр.
Асыл көлдерiм
Жуынды құйылған итаяқтай

Толық

Құбылыстар мен бұрылыстар

  • 0
  • 0

Құбылыстары мен
Бұрылыстары көп
Заман бұл.
Шиыр-шиыр

Толық

Жүрудi маған жазбаған

  • 0
  • 0

Жүрудi маған жазбаған
тымырсық күндей тым-тырыс
Жел болып шалқып,
теңiз боп толқып қозғалам.

Толық

Қарап көріңіз