Көлеңкесіз өтсінші – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Көлеңкесіз өтсінші» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 617
Көлеңкесіз өтсінші
Өмірін де көңілің. –
Деп достарға үйеміз
Тілектердің небірін.
Көлеңкеге әділ ме
Осы берген бағамыз.
Қоймай жүріп шілдеде
Көлеңке іздеп табамыз...
Көлеңкені бұл күнде
Адамнан да іздейміз...
Көлеңкеміз болса егер,
Біз де нәнбіз, пілдейміз.
Көлеңкесін адамның
Жанашырмен бір дейік...
Көлеңкесіз қалғанда ол
Маңын көрмей жүрмейік.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көлеңкесіз өтсінші өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Көлеңкесіз өтсінші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көлеңкесіз өтсінші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көлеңкесіз өтсінші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері