Сен мақтама – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Сен мақтама» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 744
Демеймін мен қалай саған жақпағам,
Жарамсақсу, жалбарыну жат маған.
«А құдайлап» күніне жүз сыйынған
Құдіретің де барша адамға жақпаған.
Ұнайын деп тырыспаймын тап саған,
Сен мақтама, демей-ақ қой жақсы адам.
Таразы өмір өзі-ақ айтар қайсымыз
Аяғы емес, адамдығы ақсаған.
Болмайтұғын бұлты менен жауыны,
Тарқамайтын думаны мен сауығы,
Жаныңды мен сен айтты деп жәбірлеп,
Ете алмаспын «тарылынын. тауығы».
Ашық айттым, орыны жоқ өкпенің,
Бірде қысын, бірде киіп көктемін,
Адамына қарап алмастыратын,
Алып-салма екі жүзім жоқ менің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен мақтама өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Сен мақтама өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен мақтама өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен мақтама өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері