Ұстазыма

Бұл бетте «Ұстазыма» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1168
Бір жөнім қалмасын деп танытпаған
Бар ынта пейіліңді салып маған,
Шындаған құрыш құйып ұстадайын
Ұстазым үйретуден жалықпаған.
Мүдірген жерім болса дәл ұқпаған,
Андаусыз кетсе кейде.шалыс қадам,
Секілді мейірімді қамқор анам
Кейісті көрсетпеген қалып маған.
Барлаған өмір өрін шарықтаған
Болжаған болашағымды анықтаған
Шағында әр биіктен күле қарап
Қаншама қиялында қалықтағам.
Қыранның қия құзға қасқаратын
Бекіттің өзің баулып жас қанатын
Қарадың үміт толы назарыңмен
Ұшқанда қомдап құсын қос қанатын.
Сілтедің үнемі тек өмір өрін
Соныңмен мекендедің жүрек төрін.
Әрқашан ілгеріге жетеледі
Ақниет қосқан игі тілектерің. 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұстазыма өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ұстазыма өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұстазыма өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұстазыма өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері