Бұл бетте «Ой» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
29.07.2021
0
0
1046
Бір ой мүлде әзәзілдей
Жақыныңды жат қылып,
Тұнық халіңді ылайласа,
Жұп күйінді тақ қылып.
Бір ой оған сайыс құрып,
Қарсы шығып, қасқиып,
Қамалды алар, қас түнекті
Сенен алыс лақтырып.
Ойлар ылғи осылайша
Баста жүріп таласа,
Мен байғұсқа көбінесе
Бермей кетеді араша.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі