Зүлфияға – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Зүлфияға» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 485
Көрмесем дағы жүздесіп,
Ашпасаң дағы күнде есік.
Бейтаныс, бөтен емеспіз
Жататын мынау кім десіп.
Іргелес байтақ жұртымыз.
Егіздей әсем ғұрпымыз.
Сона бір күндей, бүгін де
Тағдыры ұқсас құрбымыз.
Басымда Ташкент топпосы.
Сен төккен әсем оқасы.
Сенің де дастарқанында
Тың өлкемнің тоқашы.
Сен мақта жисаң ауылда,
Мен бағам түлік бауырда.
Өмірді солай гүлдетіп,
Етеміз еңбек қауымға.
Мызғымас достық іргеміз.
Біз де егіз, асар сын да егіз.
Өмірде, қиял арманда
Үнемі біздер біргеміз,
Көрмесем-дағы жүздесіп,
Ашпасаң-дағы күнде есік,
Қос дария суындай
Жырымыз жатсын үндесіп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Зүлфияға өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Зүлфияға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Зүлфияға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Зүлфияға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері