Бұл бетте «Бөке өзені» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мынау өзен бұралған Бөке деген,
Өз қызымын мен мұның бөтені емен.
Өр толқыны жасымда еркелетіп,
Ағынымен ойнатып жетелеген.
Содан ба екен, қиынға қарсы атылам,
Қабат-қабат ораса қанша тұман.
Мойымайтын менде де бар бір мінез,
Ақ боранға алдырмас жанша тұрам.
Мынау өзен шап-шағын Бөке деген,
Жолың қиып ешкімнің бөгемеген.
Содан ба екен, менде де бар бір мінез,
Кепке борыш жандаймын өтемеген.
Жаз келгенде жағасы қаз бен қудан
Босамайтын
бойы бір сауық-думан.
Өзі шағын, суы мол, толқыны асау
Мен кішкентай Бөкеме тартып туғам.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі