Теңіз мінезі – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Теңіз мінезі» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.08.2021
  • 0
  • 0
  • 739
Теңізден дарқан өтер ме!
Қалпында ол да тұрмайды.
Таңертең маңғаз анадай,
Сел ақса мойнын бұрмайды. 
Сәскеде сәнді арудай,
Жанарын көздің ұрлайды.
Сұлулық сүйгіш сезімтал,
Нәзікті дереу улайды.
Айдында күннің сынығы –
Ақ сағым билеп ымдайды,
Ат басы алмас құбылып,
Көз тоқтар бір сәт тынбайды.
Жазықсыз жатқан жағаны
«Әуп» деп алып ұрмайды,
Күмістей толқып сылдырап,
Сазды бір күйді жырлайды.
Тамсанып таңдай қағады
Көрмеген бұрын мұндайды.
Күн қайта теңіз кәдімгі
Шекеге салған күндігін
Қытымыр әйел, ашушаң.
Қырылдақ дауыс, күмбір үн.
Бүктеліп түсіп, бұрқанып
Қыстағы дүлей ақпандай.
Толқынды толқын жұмарлап,
Желкелеп бейне жатқандай.
Ышқына демін алады,
Ішіне тартып тынысын.
Уһілеп күрс-күрс күрсініп,
Салады солай ұрысын.
Басылып кеште әпігі
Дамылдап теңіз тыншыған,
Көк қайрақ қайсар долыдай
Жар қойнында тұншыққан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Теңіз мінезі өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Теңіз мінезі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Теңіз мінезі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Теңіз мінезі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері