Төребек сұлу

Бұл бетте «Төребек сұлу» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 551
(Әжнияздан)

Мінсіздігің Бозатаудың гүліндей,
Сен бар жерде ара гүлден безінер.
Кірпігіңді бір көтеріп күлімдей
Қарасаң сен, түн жұлдыздан безінер.
Сені көрген мынау пәни ғаламда
Бар сұлулық атаулыдан безінер.
Сені көріп сабыр тапқан адамнан
Сабыр-тахат өзі аулақ безінер.
Тәтті тілің, майда сөзің ерітіп,
Жылжытар да жалынды іннен бездірер.
Махаббатың маужыратып, елтітіп,
Бұл аманат жанды тәннен бездірер.
Алтын тіллә, пісте мұрнында әребек.
Екі қара көзің екі бәледек.
Үргеніште ару бегім Төребек,
Мәжнүн етіп Зиуарды елден бездірер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Төребек сұлу өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Төребек сұлу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Төребек сұлу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Төребек сұлу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері