Жұртымның жүдә жақсы жайы, күйі

Бұл бетте «Жұртымның жүдә жақсы жайы, күйі» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1343
Жұртымның жүдә жақсы жайы, күйі,
Тойынып, түскен орта толды миы.
Қуылып бай, құлақтар құрып кетті,
Қан сорғыш секілденген қара бүйі.
Берілді бадырақтың пайдасына,
Олардың ұстаған мүлік, тіккен үйі.
Әл-жайын аш, арықтың аңғарып тұр,
Ауданнан азаматтар келіп жиі.
Жасасын Кеңес табы гүлдей жайнап,
Аз емес еңбекшіге еткен сыйы.
Шап кетпен, шалқақтама, енді ерлерім,
"Жұмсақ" деп жолбасшымның жүдә иі.
"Туған жоқ тура биде" дегендей-ақ,
Атамайды атасын да, шықса шиі.
От жақсаң өзің кімге деп өртенерсің,
Құлайсың қақтығысып, қазсаң құйы.
1918.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұртымның жүдә жақсы жайы, күйі өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Жұртымның жүдә жақсы жайы, күйі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұртымның жүдә жақсы жайы, күйі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұртымның жүдә жақсы жайы, күйі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері