Жаңақорған – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жаңақорған» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.08.2021
  • 0
  • 0
  • 894
Ізгілікті тудай тігіп,
Кем-кетікке пана болған.
Сәттеріңнің құрметіне
Атандың ба Жаңақорған?
Жаралыға жан ұшырған
Болдың ба әлде пана, қорған?
Қыршын жанды сақтадың ба
Алдындағы ғазап, ордан?
Болыстың ба жалғыз – жарым
Саяқ жүрген жолаушыға?
Олжалауға бермедің бе
Жол күзеткен тонаушыға?
Мейлі не үшін берілсе де.
«Қорған» деген атын жақсы.
Адамдардың бақытына
Нағыз қорған болып бақшы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері