Жүрек лебі – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жүрек лебі» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 609
Бетіндей көк теңіздің аспаны айдын,
Көк дауыл қысы қатты Қостанайдың–
Дейтұғын көрмегенге күмпілдесіп,
Достарым, сөздеріңді қостамаймын.
Тобылдан баяу ескен самал бетке
Сусыған қолға тұрмай шым жібекке
Ұқсай кеп оралғанда мойыныңа,
Жыр болып құйылғандай көкірекке.
Іңірде әсем зәрлі шолпылы аспан,
Ертелеп шымылдығын толқи ашқан
Арайлы ақ шолпанмен аймаласып,
Ақ сәуле, күміс кірпік таңға ұласқан.
Жаудыр түн, жайдары күн, желсіз алап,
Мәкеннің өз жанына тұрмын балап.
Қашаннан өнерге өзек әз табиғат
Тұнғандай ақын тойын тамашалап.
От көлі – Қостанайдың түнгі реңі,
Тамсана үңіледі жұлдыз легі.
Балқытқан, балбыратқан бар аймақты
Ақынның болмаса егер жүрек лебі.
Бетіндей көк теңіздің аспаны айдын.
Көк дауыл қысы қатты Қостанайдың, –
Дейтұғын көрмегенге күмпілдесіп,
Достарым, сөздеріңді қостамаймын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрек лебі өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Жүрек лебі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрек лебі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрек лебі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері