Өкініп қалдым – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Өкініп қалдым» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 664
Тек ізет қана,
Жүздесіп, сәлемдесе кетем!
Шаруам жоқ мүлде
Бір түйір бөтен.
Ақынды мансап бұзбайды...
Деп едім ақ көңілімменен,
Мұным, дос, аңқаулық екен...
Сыйлап ем жыр кітабымды,
Көзге ілмей тал-бұта ғұрлы,
Столдың ат шаптырымдай
Шетіне алды да ұрды.
Дегендей не сырмен келдің
Қабағын шытынып тұрды.
Мен біраз абыржып қалдым,
Ұятқа жүзімді қарыдым.
Өзіме кейіп налыдым.
Арылып алдында ардың...
Ақын жоқ мансапқа кез боп,
Бірқатар ғибрат алдым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өкініп қалдым өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Өкініп қалдым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өкініп қалдым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өкініп қалдым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері