Нәр

Бұл бетте «Нәр» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 559
Мін дейсің ғой тұлғамның кішкенесі?
Бұлай түйер ақылының қысқа өресі.
Жұдырықтай қаршыға жүрегімен
Атанғанын білмейсің құс төресі.
Еңсесімен көк тіреп тұрған бар ма?
Бой үшін ат беріп пе бұлдап нарға?
Бойы биік болғанымен, денесі зор,
Бұлбұл үшін жораға жүрмес қарға.
Қыран бүркіт көп кіші түйе құстан,
Кім көріпті түйе құс ғарышқа ұшқан!
Түйір дейміз мәніне не сыймайды,
Кішкенеге ой жібер осы тұстан.
Жалғыз аяқ соқпақтан басталар жол,
Шығары көз, дарияның құяры көл.
Бір уыс деп айтамыз баста миды,
Қызметіне сәл ойлап назарың бол.
Жанды-жансыз біткеннің бәрінде бой.
Лайықты түр-тұлға бәрінде ғой.
Түйірдей деп ұғамыз нәр дегенді,
Гәптің бәрі сол түйір нәрінде ғой.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нәр өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Нәр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нәр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нәр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері