Бұл бетте «Сәлем өзбек қызына» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сәлем сізге, өзбек қызы,
Бауырласым, мақта өсірген.
Жыр арнадым даңқыңды естіп,
Алатаудың ақ төсінен!
Мақтан болдың қыстағыңа
Сүйді аңызақ жүзіңді нұр.
Алға өрлей түс – тағы да
Жайна-жайна, о қызыл гүл.
Орағанын ақ торғынға
Кең алқабы Ферғананың.
Баста жібек орамалың
Жалауындай кен даланың.
Елестейді көз алдыма
Мақта теріп жүрген кезің –
Қарысып қол, талса да бел.
Мұң шалмаған қара көзің.
Ақ мақтаң – ақ раушан гүл
Үлбірейді самал тербеп.
Саусағыңнан төгіліп нұр,
Аймағыңа аштың өрнек.
Құттықтаймын, от жүрек қыз,
Еңбегіңмен ер атандың.
Табысыңмен молайттың сен
Күш-қуатын Ұлы Отанның.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі