Әппақ алаң – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Әппақ алаң» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 667
Басталып үлкен Көкше етегінен
Жалғасып ну орманмен кетер бірден.
Ақ ауыл ауласындай әппақ алаң,
Көргенде көңілің көкке көтерілген.
Ұмытып дүниені масайрайсың,
Көңілмен көк бұлттан асардайсың.
Ұйысқан әппақ көде – ақ киізді
Аяғың қиып тіпті баса алмайсын.
Бетеге балтыр көміп, кісі жердей,
Қойған деп қолдан егіп түсінердей.
Қойтастар ақ қайынды көлеңкелеп,
Отырған алқа қотан кісілердей.
Көңілде көп сурет ауысқандай,
Сөйлеп кім Көкше көркін тауысқандай.
Бір сәтке әр қиырдан аттылар кеп
Құйылып,
болып кетеді қауышқандай.
Қарағай сап түзеген қалың әскер,
Дегендей сес көрсетіп «мені де ескер».
Айнала ақ аланды қоршап алып
Тұрғаны мейлің ерте, мейлің кеш кел.
Алаңнан әріректеу тігіп шатыр,
Шалқадан жұлдыз санап Жеке батыр.
Ши тістеп, шырт түкіріп әмір күткен
Тәрізді Адақ батыр сұсты, батыл.
Ақ бура жатыр шөгіп аулағырақ,
Тіге ме аландағы дауға құлақ,
Елеңдеп, әлдененің алдын сезіп...
Еңкілдеп жөнелердей тауға құлап.
Айқара ақ текемет жайған алаң,
Табиғат өзі жасап қойған алаң.
Біресе талапкерлер сайыс құрып,
Біресе болып кетеді майдан алаң.
Тәптіштеп тізсем көп сыр туар еді,
Толғанған жүректерде ой тұнар еді.
Кешірім, ақ сағымды әппақ алаң,
Көненің көпті білген куәгері.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әппақ алаң өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Әппақ алаң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әппақ алаң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әппақ алаң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері