Мрамор тастар сөйлеп
Бұл бетте «Мрамор тастар сөйлеп» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тан болып тамсанасың таңдай қаға
Ғажайып өнер қонған маңдайға да.
Адамның мүмкіндігін көріп тұрып,
Қадасың, пай-пай қалай жанбай ғана.
Сән сарай, ғимараттар, зәулім үйлер...
Көз тойып, санаң байып, көңілің билер.
Тереңге тұнып қалай ойың кетпес
Мрамор тастар сөйлеп, төксе күйлер.
Мәселен айтайыншы мынау сырды:
Бір бала – тас мрамор көңіл бұрды.
Шөгірді табанынан алмақшы боп
Отырған шұғылданып осы ғұрлы.
Бар ішкі дүниесін, бар назарын,
Шөгірдің жанға батқан бар азарын :
Түп-түгел төгілтіп түр
тас мүсіннің
Тіріден айнымаған бет ажары.
...Жас ару тұтқын болған, көзінде жас
Жалынса аяр ма оны қасақы қас
Қайғысын, күйінішін мұның-дағы
Сөйлеп тұр кәдімгідей мрамор тас.
Түсіпті айнымастан көз жасы да,
Етіне батқан қолдың таңбасы да.
Егілткен тас мүсінді талант күші
Қояр ма әсте тәнті болмасыңа.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі