Бас киімнен таныған
Бұл бетте «Бас киімнен таныған» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қырғыз туыс кисе киіз ақ қалпақ,
Қарақалпақ киеді екен қарасын.
Бәт құндыздан қарасын да, ағын да
Қазақ кисе, табады екен жарасым.
Түрікпенде сеңсең бөрік, өзбекте
Зер тақия,
Жазбай танып аласың.
Әр қайсысын көрсең егер жалаңбас,
Қайсысы кім, айыра алмай қаласың.
Бір ұядан тарағанын бұлардың
Әлем біледі,
естімедім таласын...
Өсіп-өніп жарты ғалам жайлаған
Тауып, танып алуға әр баласын
Ұлы баба дара-дара бас киім
Кигізген-ау...
қалай бұдан танасың!
Қалпақ түрін ойлап тауып ғаламат,
Туыстықты еткен мәңгі аманат.
Бабалардың ұрпақ қамын ойлаған
Рухына бас иейік жамағат!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі