Қалғып кетпе – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қалғып кетпе» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 717
Ақын орны әрқашан алғы шепте,
Беу, жүрегім, тек қана қалғып кетпе!
Сілкініске, ел күткен серпіліске
Қосылайын барынша қалмай шетте.
Болып көрген жан емен ұйқыма алаң,
Ақ саусақтық жолаған емес маған.
Бүгінгі ұран – адалдық, әділеттік,
Дәл сол үшін ерекше сілкіне алам.
Мен осыдан азарды көп шегіп ем,
Өз басымнан өткердім лек-легімен.
Жібек арқан, жүз, құбыла болмай менде,
Түбі ақиқат жеңер бір деп сеніп ем.
Сол үмітім ғасылы қолымда екен,
Буу керек екен тек белді бекем.
Арылу һәм арылту, қайта құру,
Қуат-күшті бұл іске беріп өтем.
Беу, жүрегім, тек қана қалғып кетпе,
Қара шоқпар тобырға елен етпе,
Өлең отына өртедім «бұйрықты» мен,
Бұйрықпенен өмірге ақын кеп пе!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қалғып кетпе өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Қалғып кетпе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қалғып кетпе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қалғып кетпе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері