Тілек – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Тілек» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 653
Қарағым, қадірменді Сәнияшым,
Қуанам тапқаныңа жан ұясын.
Құттықтап жаңа тіккен отауыңмен
Тілеймін бақыттың мол дариясын.
Мекенде бақ дария балықтай жүз,
Көрмесін қабағың бұлт, табаның сыз.
Көп болсын ұзын арқау, кең тұсауың,
Маздасын ошағында от жылдарға жүз.
Әйтеуір дүниеде бардың бірі,
Немесе байлық баққан — қолдың кірі
Болмассың, Серігіңмен серіктесіп,
Болыңдар адам ұлы, ардың құлы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тілек өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Тілек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тілек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тілек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері