Қандай әсем жер беті!
Бұл бетте «Қандай әсем жер беті!» атты Ермек Өтетілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 16.09.2024
- 0
- 0
- 1095
Алуан бояу баулары,
Аппақ басты таулары,
Аң мен құстың қорғаны,
Жасыл жайлау орманы,
Түрлі түсті келбеті,
Қандай әсем жер беті!
Қырмызы гүл қырлары,
Сары алтындай құмдары.
Бозғылт селеу белдері,
Көкшіл мөлдір көлдері.
Түрлі түсті келбеті,
Қандай әсем жер беті!
Сұрғылт шағыл шөлдері,
Бұйра сағым өңдері.
Жаралғандай о бастан
Алып кемпірқосақтан,
Түрлі түсті келбеті,
Қандай әсем жер беті!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі