Ренжиді
Бұл бетте «Ренжиді» атты Сұлтан Қалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 12.09.2024
- 0
- 0
- 1006
Ерте тұрып Шекербек,
Төрт тауығын ұстады.
Қамап, қашып кетер, – деп,
Туғызбақ боп қыстады.
– Мамам мұны көрсін тек,
Қуантайын әпкемді.
Бес жұмыртқа болсын,– деп,
Қоразды да ап келді.
Қораз оған араз ба,
Тыпырлайды кетем деп, –
Туасың, – деп, – қоразға,
Босатпай тұр Шекербек.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі