Байғұс өлең – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Байғұс өлең» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1194
Шөп те өлең, шөңге де өлең, өңге де өлең,
Жүгіріп шықсын мейлі дөңге де өлең.
Әйтеуір «түшкіргенге жәрәкім Алла»
Арналып жатыр теңге, кемге де өлең.
Білмеймін емес бүгін қай түс өлең,
Бояусыз, көз тоқтамас жәй түс те өлең.
Сабынның көбігіндей ұшатұғын,
Бозарған оңған бөздей байғұс өлең.
Емессің бұл күнде сен кімге нәсіп,
Бәріне ұмтылғанның болдың кәсіп.
Әйтеуір айқайы кеп, айтары жоқ,
Өлеңнен өлер болдық құлақ басып.
Пау, қайда асқар асып өткен өлең,
Тер төгіп, табан тозып жеткен өлең,
Жүректі бұлбұл сайрар көкек жайлап,
Бейшара қадір-құны кеткен өлең.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Байғұс өлең өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Байғұс өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Байғұс өлең өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Байғұс өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері