Ақ жеңешем – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ақ жеңешем» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1210
Айналайын,
аяулы, абзал, жеңешем,
Болар екен
кімге өзіңді теңесем.
Ақ пейілін,
адал жанын болмаса,
Өлең арнап,
мен жеңешем демес ем.
Аймағыңа ақ тілеулі анасың
Ақ көңілің кіршіксіз,
дәл баласың.
Кісілігің,
тәнті етті,
ақылың
Парықтаған
жер мен көктің арасын.
Үйдің ішін бар ғып, мол ғып,
толтырып,
Ауызға алмай,
«жоқтың» атын өлтіріп
Отырғаның
қабағыңмен, пейілмен
Дастарқанның сәнін сонша келтіріп.
Бауырыңнан шүпірлескен балапан
Бүлдіршіндер емес әсте тараған.
Немере ме,
Шөбере ме,
Шөпшек пе.
Үйіріліп, әжетайлап қамаған.
Бар тілеуің,
жан-тәніңмен ағаның
Болса үстінде,
қалай одан танамын.
Демің бірге,
Төрің бірге,
Бейнетің
Бірге болса,
Демей қайтем саналым.
Бұрын дағы,
Кеше,
Тіпті бүгін де,
Көші-қон боп
Көтермеген кім ірге.
Жеңешемді айт
Іздеп барып ағаны,
Қоныс тепкен
Қобалжымай Сібірге.
Ақ жеңешем,
Ұяң артық пейіштен,
Бірлік,
Тірлік
ада мүлде кейістен.
Абысынмен,
Ағайыңмен жарастық...
Ғибрат алар істерің көп келіскен.
Ақ жеңешем, үлгі-өнеге көзіндей,
Қазекемнің дәстүрінің өзіндей
Қалпыңменен
Жет келешек ұрпаққа
Көнермейтін кемеңгердің сөзіндей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ жеңешем өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ақ жеңешем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ жеңешем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ жеңешем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері