Керуендер

Бұл бетте «Керуендер» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 825
Хабар тартып қиырлардан, ғаламнан,
хабар тартып кенттер мен қамалдан
керуендер келiп жатқан далама,
керуендер кетiп жатқан даламнан.
Өртенiп бiр жатқан аптап жалынға,
маң-маң басып құмдауыт жон, шағылда
иiр мойын түйелердiң iтзбегi
шығып келе жатқан мұнар сағымнан,
сiңiп бара жатқан мұнар сағымға.
Кезген олар, кезген олар даламды
жалғастырып заман менен заманды.
далам менiң тоналып қап оларға,
қаншама рет тонап алған оларды.
Жаугершiлiк қиын-қатер шақтарда,
шыға алмастан құрсаулы қол қақпаннан
куәсi жоқ құм iшiнде таланып
қаншасы оның iзсiз-түзсiз жоқ болған.
Жеткен бiрi күткен көздi талдырып,
кеткен бiрi таңдарымды таңға ұрып.
Жақсылықтың теңiн ашса бiреуi,
жамандықтың теңiн ашқан ал бiрi.
Сахараға бiрi тартса кiренi,
шаhар болған ал бiрiнiң тiлегi.
Баттутаны алып келсе бiреуi,
Фарабидi алып кеткен бiреуi.
Кеткен бiрi бүкiл елдi жер қылып,
жеткен бiрi суық хабар төндiрiп.
Жаққан келiп жарығымды бiреуi,
кеткен бiрi жарығымды сөндiрiп.
Хабар тартып –
қиырлардан, ғаламнан,
хабар тартып –
кенттер мен қамалдан,
керуендер келiп жатқан далама,
керуендер кетiп жатқан даламнан...
P.S. Қазiр ендi қарасам мен жыраққа,
Үнi келер сол заманның құлаққа.
Шөгiп жатқан керуендер секiлдi
даламдағы мына жота, қыраттар.
Солар менi өткен күнмен тұр жалғап.
...Жетсе егер де сол заманнан жыр самғап
қыраттарым тұрып келе жатады
қопарылып денесiнен құм саулап...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Керуендер өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Керуендер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Керуендер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Керуендер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері