Өмірге тоймас адамзат –
Бұқар жырау
Бұл бетте «Өмірге тоймас адамзат» атты Бұқар жырау жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аруды таңдап сүйсе де,
Алтынды үйге кірсе де,
Аспанда жұлдыз аралап,
Ай нұрын ұстап мінсе де,
Арманын қоймас адамзат!
Ілімді түгел білсе де,
Қызығын көзбен көрсе де,
Қапалы күні қабарып,
Қайғының түні төнсе де,
Үмітін жоймас адамзат!
Жақындап ажал тұрса да,
Жанына қылыш ұрса да,
Қалжырап, көңілі қарайып,
Қара бір көзін жұмса да,
Өмірге тоймас адамзат!
Дили
Өте жақсы