Жиналыста – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жиналыста» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 552
Жұрт сөйлесін келемді етіп,
Тыңдағанды елеңдетіп,
Біздер,– деді, - терең кетіп
Отырайық өлеңдетіп.
Төрт жол өлең жазып ем тек,
Ол сегізбен жауап берді.
Жол артылтып қатырдым деп,
Иықтанып қабақ керді.
Сынайын деп шын күйінді
Бастап жана бір түйінді.
Жіберіп ем, жыр құйылды,
Миығыма күлкі үйірді.
Шуда жіптің арасына
Олақ түскен оқа жіптей,
Жылтыр сөздер тізбесі мән
Түсініксіз қойды бітпей...
Ойы онға бытыраған,
Нөпір сөздер бұрқыраған,
Мағынасы қалтыраған
Ақын көрдім жыр құраған.
Қиыса алмай, сыйыса алмай
Өлең тісі сырқыраған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жиналыста өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Жиналыста өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жиналыста өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жиналыста өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері