Бұл бетте «Жаңбырдан соң орманда» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жаңбырдан соң күн жүрегі елжіреп,
Төңіректі нұрға көмді, жел жібек.
Желпіп қалып, ақ маржандар сусыды
Қарағайдың кірпігінен мөлдіреп.
Жел жетелеп боз тұманын мұнартып,
Шыңға қарай барады ертіп, шұбалтып.
Ақ нұр өбкен алау қағып ажары,
Қыз қайындар құлпырыпты құнартып.
Жаңбырдан соң аймақ түлеп жаңарып,
Тиіндер жүр жуынып ап таранып.
Маңайына міз бақпастан түйіліп,
Түксиіп тек тас қалыпты сазарып.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі