Жаңбырдан соң орманда – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жаңбырдан соң орманда» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.08.2021
  • 0
  • 0
  • 526
Жаңбырдан соң күн жүрегі елжіреп,
Төңіректі нұрға көмді, жел жібек.
Желпіп қалып, ақ маржандар сусыды
Қарағайдың кірпігінен мөлдіреп.
Жел жетелеп боз тұманын мұнартып,
Шыңға қарай барады ертіп, шұбалтып.
Ақ нұр өбкен алау қағып ажары,
Қыз қайындар құлпырыпты құнартып.
Жаңбырдан соң аймақ түлеп жаңарып,
Тиіндер жүр жуынып ап таранып.
Маңайына міз бақпастан түйіліп,
Түксиіп тек тас қалыпты сазарып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңбырдан соң орманда өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Жаңбырдан соң орманда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаңбырдан соң орманда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаңбырдан соң орманда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері