Қыран қырымнан көреді – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қыран қырымнан көреді» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.08.2021
  • 0
  • 0
  • 525
Қыран қырымнан көреді,
Бірақ ол көрегенмін демейді.
Еліктен сымбатты өтпейді,
Бірақ ол сұлумын демейді.
Олар үндемейді,
Ой мен тіл бітпеген соң не дейді! Адам!
Адам тәуірді таниды, парықтайды,
Ойлайды,
Сөйлейді,
Қиялдап шарықтайды,
Көргеніне бойлайды,
Әбден анықтайды.
Әттең, ол пәндә...
Кейде әділ айтып, дәл танытпайды.
Осыдан
Жетесіз де желік туады,
«Мен!» — деп көкірек ұрады...
Көп бәрін көріп тұрады,
Бағасын беріп тұрады.
Күбірлейді күншіл,
Бола қалып шыншыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыран қырымнан көреді өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Қыран қырымнан көреді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыран қырымнан көреді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыран қырымнан көреді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері