Қыран қырымнан көреді
Бұл бетте «Қыран қырымнан көреді» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қыран қырымнан көреді,
Бірақ ол көрегенмін демейді.
Еліктен сымбатты өтпейді,
Бірақ ол сұлумын демейді.
Олар үндемейді,
Ой мен тіл бітпеген соң не дейді! Адам!
Адам тәуірді таниды, парықтайды,
Ойлайды,
Сөйлейді,
Қиялдап шарықтайды,
Көргеніне бойлайды,
Әбден анықтайды.
Әттең, ол пәндә...
Кейде әділ айтып, дәл танытпайды.
Осыдан
Жетесіз де желік туады,
«Мен!» — деп көкірек ұрады...
Көп бәрін көріп тұрады,
Бағасын беріп тұрады.
Күбірлейді күншіл,
Бола қалып шыншыл.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі