Бұл бетте «Ең қызық өмір» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өмір туралы өлең берілген.
Апалап келіп,
Бауырыңа еніп,
Әр қайда жүріп,
Пайдаңды көріп...
Өткелден қиын
Өтіп алған соң,
Мақсатқа әбден
Жетіп алған соң.
Шынтақтап сені
Кейін ысырып,
Бірер сатыға,
Төмен түсіріп,
Кеткісі келеді
Мамықша ұшырып.
Сен де адамсың,
Көнесін бе оған,
Ниетін танып,
Соғасың қорған.
Кер қасқаға ұқсап
Қасарып алып,
Жан күйер көздер
Шоқтайын қарып
Тұрса, мейлің деп
Шықпайсың жолдан.
Осылай жүріп
Тозады көңіл
Тозса көңілін
Тимейді жеңіл.
Әйтсе де аңқау
Адалды адам
Ететін осы
Ең қызық өмір.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі