Ұлтым десем
- 0
- 0
Ұлтым десем, жөнелесің тайсақтап,
Ойынды іркіп, әлденеден бой сақтап.
Бүгін айтып, ертең қайтып сөзіңнен,
Айырыласың көрік басар көзіңнен.
Бұл бетте «Мұңсыз жан жаралмас та» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ұлтым десем, жөнелесің тайсақтап,
Ойынды іркіп, әлденеден бой сақтап.
Бүгін айтып, ертең қайтып сөзіңнен,
Айырыласың көрік басар көзіңнен.
Айта-айта жауыр болды тіліміз,
Сорлылыққа саймас па екен мұнымыз!
Тәуелсіз ел сөйлемес пе өз тілінде,
Жатқа қалай дей аламыз іріміз!
Келе қоймай, кешеуілдеп бұл көктем
Қырсауланып, қыза коймай күн көктен.
Қуана алмай көктем бар деп қызықтап
Адамдардың көк базарда күні өткен.
Жараған жұрт жүруге
Түгел сауда соңында.
Шама да жоқ, шара жоқ,
Кәрі-құртаң, момында.
Япыр-ай, не боп барады мына заман,
Біріне-бірі қақпан құрады адам.
Негізі сауда қоғамда
Адамдар қалай дос болмақ
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі