Бұл бетте «Халық мәтел қалт айтпайды» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өтірік дерсің Елден ерек дана еді Десем жан жаралмышы дара еді.
Өрнектеп зерлеген соң сөз тазасын, Зергер деп халқы берген өз бағасын. Жеті асқар желіп асқан құттықтаймыз Қазақтың көркем сөзінің Әзағасын.
Өмірге тура қарап бойлағанды, Қайыса халық қамын ойлағанды, Ардақтап, азамат деп айтқан абзал Әрқашан адамдығын жоймағанды.
Игердің, бауырым, Пайғамбар жасын. Келеді өрге Домалап тасың.
Ұлтына, тегіне әсте қарамайды Адамды тек дарыны даралайды. Ойменен әрбір істің парқын танып, Не жақсы, не жаманды саралайды.
Бабалардан келе жатқан тартып ізді, Шыр еткен сәтте-ақ танып затыңызды, Серік болып жүрсін деп ұзақ жасап, Ырым етіп қойған-ау атыңызды.
Хабарлама
INFO
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі